• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2016

Медициналық пойыздардың көмегі көп

282 рет
көрсетілді

  Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан»  медициналық пойыздары жобасының іске асырылу барысы туралы» тақырыбында баспасөз мәслихаты болып өтті. «Мемлекет басшысы Жол­дауының көлік медицинасын дамыту атты негізгі басымдығын іске асыру мақсатында  жоғарыда аталған  медициналық пойыздарды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасының Ден­саулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бірлесіп іске қосты. Мұндай әлеуметтік жобаны іске асырудағы басты мақсат, медициналық қызметтердің осы түрлерін алуға мүм­кіндігі жоқ, шалғай елді ме­кендердің тұрғындары­на консультативтік-диагнос­ти­­ка­лық меди­циналық кө­­мек көрсету болып табылады. Медициналық пойыздың вагондарында дәрігерлердің кабинеттері, диагностикалық корпус, тіркеу бөлімі, тамақтану және демалу блоктары  ор­наласқан. Стоматолог, дерматолог, уролог, маммолог, гинеколог, невропатолог, кардиолог, терапевт, отоларинголог, педиатр, окулист сияқты мамандарға кезекке тұрғандар көп. Пойызда УДЗ-диагностикалау, таңу, емшаралық кабинеттер және шағын хирургиялық ота жасайтын операциялық блок қарастырылған. Барлық кабинеттер толықтай компьютерленген. Сандық флюрографиялық аппарат рентген түсірілімін пациенттің жылдам алуын қамтамасыз етеді, тап­сырылған талдаманың нәтижесі де көп күттір­мейді. Осы жылы медици­налық по­йыздар еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық акция аясында жұмыс істейді», – деді ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Р. Иманқұлов. «Дертіне шипа тауып, денсаулығы жақсарған жандар бізге көптеп хат жазып, алғыстарын айтып, ақжарма тілектерін жолдап жатады. Мұның өзі еңбектің жанғаны емес пе», – деді ол. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»