• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2016

Станимир Стойлов: «Селтикті» жеңуге болады»

227 рет
көрсетілді

Бүгін футболдан «Астана» клубының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов Шотландияның «Селтик» командасымен өтетін ойын жайлы өз ойларымен бөлісті. Команданың бас жаттықтырушысы ертеңгі матчқа ойыншылардың дайын екендігін, «Селтикпен» кездесуде «Астана» жеңіске жетуге бар күшін салатынын айтып өтті. Сонымен бірге ол матчтың оңай болмайтынын, бұған дейін Литваның «Жальгирис» клубымен өткен ойында команда көп күш жұмсағанын айтты. «Біз үшін ертеңгі ойын маңызды. Егер «Астана» бірінші болып доп соқса, жеңіске жетуге мүмкіндігі болады. Кездесуде Таңат Нөсербаев ойнамайды. Азат Нұрғалиев ойнайды. Біз «Селтиктің» ойындарын қарап, зерттедік. Шотландияның командасы бізге таңсық емес. Бұл ұжымды жеңуге болады», деді ол. С.Стойлов «Селтиктің» жақсы ойнайтынын жеткізді. «Шотландияның клубы жақсы команда. Ол кездесудің фавориті болады»,  деді ол. Дегенмен, «Астананың» бас жаттықтырушысы жеңіске жету үшін команданы намысын қайрап, алаңға тек жеңіс үшін шығаратынын мәлімдеді. Дастан КЕНЖАЛИН