• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2016

Бокс. Олимпиадаға дайындық жалғасып жатыр (фото)

320 рет
көрсетілді

Бүгін Астанадағы Бокс орталығында Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Колумбия, АҚШ, Мексика және Доминикан Республикасының боксшыларының арасында спарринг кездесулер өтті. Осы жекпе-жектер туралы еліміздің ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов egemen.kz сайтына өз ойларымен бөлісті. Бас жаттықтырушы команданың оқу-жаттығу жиыны жоспарлы түрде болып жатқанын, енді Олимпиадаға дайындық Рио-де-Жанейро қаласында жалғасатынын айтты. -Оқу-жаттығу жиыны жақсы өтіп жатыр. Бұл біздің еліміздегі Олимпиада алдындағы соңғы дайындығымыз. Қазір боксшылар жарысқа 70 пайызға дайын. Жігіттер өздеріне тиесілі тапсырмаларды орындады. Осы жаттығуларда біз өзімізге тиісті жұмыстарды бастан-аяқ жасап шықтық, – деді ол. Сонымен бірге ол ұлттық құраманың дайындығына арнайы шақырылған шетелдің боксшылары туралы да айтты. «Біздің құрамамен оқу-жаттығу жиынында спарринг кездесулер өткізу үшін  шетелдің 9 боксшысы шақырылған. Бұл боксшылар орта деңгейлі спортшылар. Олар боксшыларға көмектесіп жатыр. Шетелдіктерді Қанат Ислам әкелді. Қанаттың өзі келесі жекпе-жегіне АҚШ-та емес, Қазақстанда дайындалған жақсы деп жатыр», деді Мырзағали Айтжанов. Дастан КЕНЖАЛИН Фото: Қазақстан бокс федерациясы