• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Шілде, 2016

Бас хатшымен кездесті

259 рет
көрсетілді

Шанхай ынтымақтастық ұйымында Қазақстан Респуб­ли­касы төрағалығының басымдықтары талқыланды. Осыған байланысты Бейжің қаласында Қазақстан Республи­ка­сының Қытай Халық Республикасындағы елшісі Шахрат Нұрышевтың Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Рашид Алимовпен кездесуі өтті. Кездесу барысында, тараптар осы жылғы маусымда ШЫҰ сам­ми­ті­н­де ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтер­ген 2016-2017 жыл­дардағы Қазақ­стан­ның төр­­аға­­­лы­ғының басымды­лық­тарын ілгерілету жолдарын тал­қыла­ды. Ұйымдағы Қазақ­стан­ның төраға­лығы аясындағы негіз­гі іс-шаралар бойынша егжей-тег­жейлі пікір алмасу өтті. БҰҰ Бас Ассамблеясы 71-ші сес­сия­сының «Біріккен Ұлттар Ұйы­­мы мен Шанхай ынты­мақ­тас­тық ұйы­мының өзара әрекет ету» қарарын дайындау және қабылдау мәсе­­лесіне ерекше назар аударылды. 2017 жылғы маусымда Астанада өткізу жоспарланған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңе­сі­нің отырысын жоспарлы және жүйе­лі дайындауды қамтамасыз ету мақ­сатында Қазақстан елшілігі мен ШЫҰ Хатшылығының бірлескен іс-шаралар жоспарын дайындау және бекіту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ш.Нұрышев сұхбаттасын ЭКСПО-2017 Халықаралық маман­­дан­дырылған көрмесіне дайын­­дық барысы туралы хабардар етті және алдағы іс-шараға бел­сенді қатысуға шақырды. Кез­десу соңында ШЫҰ-ның Бас хат­­шы­сы Қазақ­стан төрағалығы Ұйым­­ның қызметін ай­тар­­лық­тай бел­сендіруге және оның халық­ара­лық аренадағы рөлі мен ор­нын жоға­рылатуға ықпал ете­тініне және Астанада ал­да­ғы ШЫҰ сам­ми­ті сәтті өте­­тініне сенім білдірді. «Егемен-ақпарат»