• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Шілде, 2016

Шаттыққа толы «Шаңырақ»

480 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігі жылдарында рес­публикамыздың қолжеткен же­­тіс­тіктері мен табыстарына мем­ле­кетіміздегі әр отбасының қосқан үлесі мол. Халқымыз «Отан – қуат, отбасы – шуақ» деп тегін айтпаған. Өйткені, шағын отбасылардан мемлекет құралады. Міне, Тараз қаласының төрінен ашылған «Шаңырақ» аллеясы – әр елдің, әр мемлекеттің мызғымас беріктігі әр отбасының мықтылығында екенін айғақтап тұратыны анық. – Отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құнды­лықтарды ны­ғайтудың 2015-2020 жылдарға ар­налған жалпыұлттық іс-шаралар жос­парында облыстық, қалалық ел­ді мекендерде «Отбасы аллеясын» құру тапсырылған болатын, – дейді бұл жөнінде Тараз қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Ахаев. – Бұл – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында жалпыұлттық іс-шаралардың жүзеге асуының көрінісі. Жыл басынан бері Таразда 1607 отбасы шаңырақ көтеріп, 5415 сәби дүниеге келді. Болашақта жаңадан отау құрған жастар, өскелең ұрпақ осы аллеяны мәдени және рухани орынға айналдыратынына сенімім мол. Иә, жас баланы отбасымызда отан­сүйгіштікке, өз халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін ұлт­жан­дылыққа, тарихы мен мәдениетін білуге үйреткеніміз абзал. Шындықты бүкпей айтуымыз керек, қазіргі жас­тар Батысқа көп еліктейді. Бірақ, әр нәрсенің өз орны бар, әр халықтың ертеден келе жатқан ата дәстүрі, жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ұлттық мінез-құлқы, мәдениеті бар екенін естен шығаруға болмайды. Ендеше, байырғы құндылығымыздан ажырап қалмау үшін және әр отбасының беріктігі үшін осын-дай әсем аллеяның ашылып, көпшілікті ізгілік пен қамқорлыққа шақыра білу де өнегелі іс екені анық. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ