• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2011

Президент поштасынан

495 рет
көрсетілді

Сенімділік – үлкен істер бастауы

Мемлекет басшысының атына еліміз азаматтарынан биылғы Қазақстан халқына Жолдауына қолдау білдірген хаттар толас­сыз келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Пре­зи­денті­нің баспасөз қызметі. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданының бір топ ардагерлері атынан жолдаған ха­тында Т.Ағманұлы «Елбасы­мыз­дың биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауын оңтүстіктің шалғай ауданында тұратын бір топ ардагер ерекше ықыласпен тың­да­дық», деп жазады. Одан әрі хат иесі бұған дейін алға қойыл­ған міндеттердің толығымен орын­далғанын айта келіп, Президент Жолдауында айқындалған келелі міндеттердің де белгіленген мерзімінде іске асатынына  сенімін білдіреді. Тараз қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері  А.Дүй­сен­бекова көп балалы аналар атынан өзінің пікірін былайша жеткізеді: «Елбасымызға бүкіл Қазақ халқы, қазақ елі және ұлық аталардан бастап бесіктегі балаға дейін риза! Елімізде жәрдем­ақы, жалақы және зейнет­ақы­ның көтерілуі кімді болсын қуан­тады. Қалаларда, аудандарда сәбилерге арналған ба­ла­­бақ­шалар бой көтеріп, ата-аналар қуанышқа бөленуде. Халқы­мыз­дың армандаған ой­ла­ры то­лығымен орындалып келеді». Сонымен қатар, ар­дақты ана Елбасына, елге, Отан­ға бай­ла­нысты ой-тол­ғам­дарын өлең жолдарына арқау еткен.

Біз сізбен бірге күштіміз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қазақ­стан­дық азаматтардан 7-ші Қысқы Азия ойындарының табысты өтуіне байланысты құттықтаулар көптеп келіп түсуде, деп хабар­лады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, Ақтөбе об­лысының спортшылары Қазақ­стан­да спорттық іс-шараның жо­ғары деңгейде өткізілгені үшін шынайы ризашы­лық­та­рын білдіреді. «Сіз Азия ойын­дарын ашық деп жариялағанда стадионды көрермендердің қол шапалақтауы дүр сілкіндірді. Біз Сізге жүрекжарды ықы­ла­сы­мызды білдірдік. Сіздей Президентіміз бар болғаны үшін біздің жүрегіміз мақтанышқа тол­ды. Сізбен бірге біз – күш­тіміз!», делінген хатта. Сондай-ақ, Алматы қаласын­дағы №50 мектептің ұжымы мен оқушылары Мемлекет басшысын Азиаданың табысты өтуімен құттықтайды. «Біз Азиадаға үздік спортшыларды жиған өз елімізді мақтан тұтамыз. Бізге, алма­ты­лық­тарға, өз қаламызда әр спорт түрлері бойынша шеберлерді кездестіру бақыты бұйы­рыпты. Азиаданың табысты өтуі Қазақстанның сенімді қол­да екенін тағы да көрсетті. Біз тұрақтылық, бейбітшілік пен құт-береке орныққан елде өмір сүріп жатқанымызға ба­қытты­мыз», деп атап өтілген хатта. Қарағанды мемлекеттік тех­ни­калық университетінің рек­то­ры А.Ғазалиев оқытушылар мен студенттердің жүрекжар­ды құттықтауларын жеткізеді. «Біздің елімізде Азияданың өтуі – бұл азаматтардың әл-ауқат деңгейі жоғары, бейбітшілік пен келісім салтанат құрған мемлекет ретінде Қазақстанның халықара­лық бе­делі­нің көрсеткіші. Осы­ның бәрі елімізді экономикалық, әлеу­меттік және саяси жаң­ғыр­туға ба­ғыт­тал­ған, Сіз жүргізіп отыр­ған да­на және көреген сая­сат­тың нәти­жесі», деп атап өткен хат иелері. «Нұрсұлтан Әбішұлы, Азиада­ға даярлық жасау және оны өткізу – Сіздің басшылығыңызбен ат­қарылған қыруар іс. Адам игілік, бейбітшілік және жасампаздыққа ұмтылуы тиіс. Азия ойындары­ның ашылуы мен жабылу рәсім­дерін­дегі орындалған керемет кө­рініс­тер терең шығармашылық ой­ға, маз­мұн­ға құрылғанын көр­сет­ті», делінген Алматы қаласындағы №70 мек­теп­тің ұжымы жолдаған хатта. «Қарағанды облысындағы жазу­­­шы­­лар одағы» қоғамдық бірлестігі­нің төрағасы, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Валерий Могильницкий өз хатында Мемлекет бас­шысы Н.Ә.Назарбаевтың саясаты­ның арқасында Қазақстан өзінің бейбітшілік, жасампаздық, еркіндік және адамдарға деген құрмет тә­різ­ді ұстанымдарды берік ұста­на­ты­нын әлемдік қоғамдастыққа көр­сет­кенін атап өткен. «Біздер, қарағандылықтар, Қа­ра­ғанды облысы бойынша Олим­пиадалық эстафетаның басталуын Қарағандыдағы Тәуелсіздік стела­сы алаңынан өз көзімізбен көрдік. Бұл –ұмытылмас оқиға. 7-ші Қыс­қы Азия ойындары Қазақ­станда спортты дамытуға жаңаша серпін берді. Мен өз елім үшін, өз Президентім үшін, өз спорттық жетістіктеріміз үшін мақтанамын», делінген Қарағанды облысы кәсіп­одақтар федерациясының төр­айымы А.Мадиярованың хатында. 7-ші Қысқы Азия ойын­дары­ның табысты өтуіне байланысты өз құттықтауларын білдіргендер­дің қатарында Алматы қаласы, Түрксіб ауданының медициналық қызметкерлері, Алматы қаласы-­ ның тұрғындары З.Сәрсемханова, В.Жақсылықова, Орал қаласының тұрғыны А.Касмаль да бар.