• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
30 Шілде, 2016

Фермерлер тегін оқиды

403 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның барлық облыстарындағы фермерлерге тегін оқыту семинарларын ұйымдастырады. Осы бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекет шамамен бір миллиард теңге көлемінде қаражат бөліп отыр. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлады. Бағдарламаны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асыратын болады. Сол үшін биылғы жылдың мау­сы­мын­да палата арнайы агро­құзы­реттер орталығын құрды. Осы орталық директоры Төлеу­тай Рахымбековтің айтуын­ша фер­мерлердің негізгі мәселесі ақпарат­т­ың жетіспеушілігі болып табылады. «Біз барлық Қазақстан бойынша 600 семинар өткізуді жоспарлап отырмыз және он мыңнан астам фермерді қам­тамасыз етеміз. Семинар Ауыл шаруашылық министрлігі анық­таған негізгі 25 бағыт бойын­ша өткізіледі. 13-сі мал шаруа­шылығы бойынша және 12-сі өсімдік шаруашылығы бо­йынша. Негізгі мәселелердің бірі – ақ­паратпен жеткілікті қамта­масыз етпеу. Барлық фермерлер ауыл шаруашылығының мамандары емес. Сондай-ақ, мамандардың өзі білімді үнемі жетілдіріп отыру керектігін айтады. Біздің фермерлер барлық инновациялық өңдеуді білулері тиіс» – деді Т.Рахымбеков. Сонымен қатар, бағдарламаға шетелдік 25 маман атсалысуда. Қазақстандық дәріс оқушыларды олар семинардың әдісімен таныстыратын болады. «Қараша айына дейін Қазақ­станның барлық облыс­­­тарын қамтуды жоспарлап отыр­­мыз. Біздің мақсатымыз 10 мың фермерді оқытып қана қой­май, оларды семинар бары­сын­­да қазіргі заманға сай шешім­­дер қабылдауға үйрету. Осын­дай ауқымды бағдарламаға мем­ле­кет миллиард теңгеден астам қаражат бөлді» – деді Т.Рахымбеков. Үкіметтің веб-сайтының хабарлауынша, тұрақты негізде ауыл шаруашылығы тауарларын шығаратын өндірушілерді қолдау және дәріс беру үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы www.fermers.kz интернет порталын әзірлеуге кіріскен. Барлық оқыту бағдарламаларын онлайн түрде осы сайттан алуға болады. «Егемен-ақпарат»