• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
30 Шілде, 2016

Итальян футболшысы 43 жасында алаңға қайта оралды

251 рет
көрсетілді

Италия құрамасының және осы елдің «Интер», «Ювентус», «Милан» клубтарының бұрынғы шабуылшысы Кристиан Вьери 43 жасында футболдағы мансабын қайта жалғастыруға шешім қабылдады. Мұны форвардтың өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады. «Менің керемет жаңалығым бар. Мен футболға қайта оралдым, енді мансабымды Қытайда жалғастырамын! Егер бұдан бес ай бұрын салмағым 101 кило болса, қазір оны 91 килоға дейін түсірдім. Тағы екі кило жоғалтсам, ойнауға дайын болып шыға келемін», - деп атап көрсетті Вьери. Бірақ футболшы Қытайдың қандай командасының сапында өнер көрсеткелі тұрғанын жаза қоймапты. Кезінде Кристиан Вьери Италияның чемпионы атанды, Еуропаның Суперкубогын, Кубок иелерінің Кубогын, Италия Кубогын, Италияның Суперкубогын жеңіп алған, Чемпиондар лигасының финалында ойнаған. Ол Италия құрамасы сапында 49 рет алаңға шығып, 23 гол соқты. 2009 жылдың қазан айында Вьери футболшылық мансабын аяқтаған болатын. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.