• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
30 Шілде, 2016

Қазақ-түрік лицейлерінің жұмысы талқыланып жатыр

285 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_53943" align="aligncenter" width="560"] Фото: inform.kz[/caption] Түркия билігі Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлерінің бәрін шұғыл түрде жабуды талап етіп жатыр. «Қазақстандық мыңдаған мектеп оқушысына, бәлкім, енді жаңа оқу орындарын іздеуге тура келетін шығар – елдегі қазақ-түрік лицейлерінің жабылып қалулары мүмкін», деп хабарлады осыған орай КТК телеарнасы. Телеарна тілшісі мәлім еткендей, ресми Анкара білім беру мекемелерін Түркияда мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырды деген айып тағылып отырған белгілі ислам уағызшысы Феткуллах Гюленнің қаржыландырып, қолдау көрсетіп отырғанын алға тартады. Анкараның пікірінше, қазір АҚШ-та тұрып жатқан уағызшы Гюлен осындай білім беру мекемелері бар елдерде өзіне ымырагершілікпен қарайтын элитаны дайындап жатыр. Түркияның Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі Невзат Уянык осыған орай Қазақстан Үкіметіне аталған оқу орындарына қатысты шұғыл шаралар қабылдауды ұсынды. Ол қазақ-түрік лицейлерінің Түркия билігіне ешқандай қатысты жоқ екенін айтты. Елші арнайы шақырған баспасөз мәслихатында іс жүзінде осы лицейлердің бәрін жабуды ұсыныс етіп жеткізді. «Түркия мемлекетінің, үкіметінің қолдауымен жалғыз ғана оқу орны жұмыс жасап келеді. Ол – Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. Ал Қазақстан территориясындағы «қазақ-түрік мектебі» немесе «қазақ-түрік лицейі» деген атаулармен жұмыс жасап жатқан қалған оқу орындарының біздің мемлекеттік органдарға ешқандай қатыстары жоқ. Біз бұдан өз елімізде қауіп көрдік, енді мұны достас елдерге де ескерту – біздің міндетіміз», - деді Невзат Уянык. Телеарна хабарлағандай, осыдан кейін Білім және ғылым министрлігінде арнайы кеңес өткен. Түрік елшісінің мәлімдемесінен соң қазақ-түрік лицейлерінің жұмыстарын бақылап отырған халықаралық KATEV қорының басшылары шақырылған. Министрлікте бұл оқу орындарының тағдырын аптаның соңына дейін түбегейлі шешіп беруге уәде етілді. Талғат РАЙЫМБЕК