9 ақпанда Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Glencore International AG» компаниясының бас директоры Айван Глайзенбергті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері талқыланды.
Кездесу кезінде біз «Glencore» компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобаларын, елде біздің қызметіміздің аясын кеңейту мәселесін талқыладық. Жақында біз «Қазмырыш» АҚ кәсіпорнына мыс қорыту жабдықтарын орнатып, 850 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарттық. Жабдықтар осы жылдың наурызында іске қосылады. Бұдан бөлек, біз «Алтынтау» алтын карьерін зерттеу мәселесін талқыладық. Компания карьерге 657 миллион доллар көлемінде инвестиция салып отыр. Қазір карьердің қуаты 70 пайызды құрайды, ал сәуірде ол 100 пайызға дейін жетеді, – деді А.Глайзенберг журналистерге арналған брифингте.