• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №341

829 рет
көрсетілді

2010 жылғы 22 желтоқсан, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құрал­дарды қолдану тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1718 болып енгізілді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланды, 2002 ж., № 7-8, 543-құжат). көрсетілген бұйрықпен бекітілген, ҚАЖ комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы Нұсқаулықта: 10-тармақтың 5) тармақшасында «ҚАЖ басқармасы» деген сөз «ҚАЖ комитетінің қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі-ҚАЖК ҚАЖД)» деген сөздермен ауыстырылсын; 17-тармақтағы «ҚАЖ Комитетінің облыстық басқарма» деген сөздер «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын. 2) «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жыл­ғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына (Нормативтік құ­қық­тық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1720 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқық­тық актілер бюллетенінде жарияланды, 2002 ж., № 7-8, 542-құжат): көрсетілген бұйрықпен бекітілген, түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерінде: 9-қосымшада: Сотталғандарды пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар мен лауазымдардың тізбесінде: «басқармаларындағы», «басқармаларының» деген сөздер тиісінше «департаменттеріндегі», «департаменттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын. 13-қосымшадағы «ҚАЖКБ» деген сөздер «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын; 17-қосымшадағы «ҚАЖ комитеті басқармасы» деген сөздер «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын. 3) «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң түзеу мекемелерiндегi және қамауға алу түріндегі жазаны орындау бөлігінде тергеу изоляторларындағы арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлiмшелерiнiң, топтарының) жұмысын ұйым­дастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқ­сандағы № 150 бұйрығына, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1719 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланды, 2002 ж., № 13-14, 567-құжат): 2-тармақтағы «ҚАЖ басқармаларының» деген сөздер «қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Респуб­лик­а­сы Әдiлет министрiнiң түзеу мекемелерiндегi және қамауға алу түріндегі жазаны орындау бөлігінде тергеу изоля­тор­ларындағы арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлiмшелерiнiң, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта: 20-тармақтағы «ҚАЖ Комитеті Басқармасынан» деген сөздер «ҚАЖ комитетінің қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінен (бұдан әрі – ҚАЖ комитетінің ҚАЖД)» деген сөздермен ауыстырылсын; 76-тармақтағы «облыстық Қылмыстық-атқару жүйесi басқармасына (әрi қарай - ҚАЖ Комитетiнiң Басқармасы)» деген сөздер «ҚАЖ комитетінің ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын; 101-тармақтағы «Басқармасына» және «басқармалар» деген сөздер «ҚАЖД» және «департаменттер» деген сөздермен ауыстырылсын; 116-тармақтың барлық мәтіні бойынша «Басқарма» деген сөздер «ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң түзеу мекемелерiндегi және қамауға алу түріндегі жазаны орындау бөлігінде тергеу изоляторларындағы арнайы есепке алу бө­лімдерінің (бөлiмшелерiнiң, топтарының) жұмысын ұйым­дастыру жөніндегі Нұсқаулықтың қосымшасында: «Басқарма» деген сөз «ҚАЖД» деген сөзбен ауыстырылсын. 4) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріне ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулығы бекітілуі туралы» Қазақстан Рес­публикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 бұйрығына, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1723 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 9-10, 544-құжат): көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Респуб­ликасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріне ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта: 9-тармақтағы «Басқармасының» деген сөз «қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің» деген сөздермен ауыс­тырылсын; Барлық мәтін бойынша «ҚАЖКБ» деген сөздер «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын; 2 және 22 - қосымшалардағы барлық мәтін бойынша «ҚАЖКБ» деген сөздер «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын. 5) «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қыл­мыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде ай­рықша жағдайлар режімін қолданысқа енгізу туралы нұс­қаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2003 жылғы 10 маусымдағы № 110 бұйрығына, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2565 болып енгізілді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланды, 2003 ж., № 43-48, 893 - құжат): 2 және 3 тармақтарда «басқармаларының» деген сөздер «қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің» деген сөздер­мен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Респуб­ликасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде айрықша жағдайлар режімін қолданысқа енгізу туралы нұсқаулықта: 5-тармақтың 1) тармақшасында «басқармасының» деген сөз «қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) «Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 194 бұйрығына, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2498 болып тіркелді): 2-тармақтағы «басқармаларының» деген сөз «қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесінде: 3-тармақта: «басқарма» деген сөз «қылмыстық-атқару жүйесі депар­таменттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; «ҚАЖКБ» деген сөз «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын; 36-тармақта «ҚАЖКБ» деген сөз «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын. 7) «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тергеу изоляторында ұсталатын адамдарды күзету мен қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Әділет министрлігінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 244 бұйрығына, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3064 болып тіркелді): 2-тармақта «Басқармаларының» деген сөз «қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республи­ка­сының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тергеу изоляторында ұсталатын адамдарды күзету мен қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта: 5-тармақта «Басқармалары» деген сөз «қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері» деген сөздермен ауыстырылсын; Барлық мәтіндегі «ҚАЖКБ» деген сөздер «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын; 1, 2, 3 және 10- қосымшаларда барлық мәтін бойынша «ҚАЖКБ» деген сөздер «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын. 8) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыс­тық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының арнайы есеп бөлімдерінің жұмысы туралы нұсқаулықты бекіту ту­ра­лы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2004 жыл­ғы 9 шілдедегі № 210 бұйрығына, (Нормативтік құқық­тық кесім­дерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2973 болып тіркелді): 2-тармақта «басқармаларының» деген сөз «қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің» деген сөздермен ауыс­тырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республи­касы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының арнайы есеп бөлімдерінің жұмысы туралы Нұсқаулықта: 2-тармақтың 3) – тармақшасында «басқармаларына» деген сөз «қылмыстық-атқару жүйесі департаменттеріне» деген сөздермен ауыстырылсын; Барлық мәтін бойынша «ҚАЖКБ» деген сөздер «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын; 87, 120, 121, 122-тармақтарда «ҚАЖ комитетінің басқармасына», «ҚАЖ комитетiнiң аумақтық басқарма­сының» деген сөздер сәйкесінше «ҚАЖК аумақтық ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын; 13, 34, 35 және 39-қосымшалардың барлық мәтіні бойынша «ҚАЖКБ» деген сөздер «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын. 9) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 245 бұйрығына, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3062 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланды, 2003 ж., № 13-14, 567-құжат): Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторының ішкі тәртіп ережесінде: 22-қосымшадағы «ҚАЖКБ» деген сөз «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын. 10) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйым­дастыру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығына, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3228 болып енгізілді): көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Респуб­ли­касы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталған­дар­мен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықта: Барлық мәтін бойынша «ҚАЖКБ» деген сөз «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын; Барлық мәтін бойынша «ҚАЖ комитетінің басқарма­сына», «ҚАЖ комитетiнiң басқармасының» деген сөздер «ҚАЖК аумақтық ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын; 14-қосымшадағы «басқармасының» деген сөз «қылмыс­тық-атқару жүйесі департаментінің» деген сөздермен ауыстырылсын. 11) «Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау, қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге шаралары және шартты сотталған адамдарға бақылау жө­нін­дегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әді­лет министрінің м.а. 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 172 бұйрығына, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6053 болып тіркелді, Қазақстан Респуб­ли­касы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік ор­гандарының актілер жинағында жарияланды, 2010 жылғы № 9): көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау, қыл­мыстық-құқықтық ықпал етудің өзге шаралары және шартты сотталған адамдарға бақылау жөніндегі Нұсқаулықта: 3-тармақта «ҚАЖ комитеті басқармаларының» деген сөздер «ҚАЖ комитетінің қылмыстық-атқару департа­менттерінің (бұдан әрі-ҚАЖ комитетінің ҚАЖКД)» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың барлық мәтіні бойынша «басқармаларының» деген сөздер сәйкесінше «ҚАЖД» деген сөзімен ауыстырылсын; 8-тармақтағы «басқармаларының» деген сөз «ҚАЖД» деген сөзбен ауыстырылсын; 158-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) өз қызметін Астана, Алматы қалалары және Алматы облысы бойынша ҚАЖ комитетінің ҚАЖД басшылығымен бекiтiлген тоқсандық жұмыс жоспарлары негiзiнде ұйымдас­тырылады;»; 162-тармақтағы барлық мәтіні бойынша «басқармала­ры­ның» деген сөз «ҚАЖД» деген сөзбен ауыстырылсын; 170-тармақтағы «басқармаларына» деген сөз «ҚАЖД» деген сөзбен ауыстырылсын; 13-қосымшадағы «Тіркеу қызметі» деген сөздерден кейін «және құқықтық көмек көрсету» деген сөздермен толық­тырылсын; 49-қосымшадағы «басқармасының» деген сөз «қылмыс­тық-атқару жүйесі департаментінің» деген сөздермен ауыстырылсын. 12) «Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларында қамау түріндегі жазаларды орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 64 бұйрығына, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6129 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланды, 2010 жыл, № 11 (12.07.2010 ж.): көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Респуб­ли­касы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоля­торларында қамау түрінде жазаларды орындау ережесінде: 1-қосымшада: «ҚАЖ комитетінің басқармасы (бұдан әрі-ҚАЖКБ)» деген сөздер «ҚАЖ комитетінің қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі-ҚАЖК ҚАЖД)» деген сөздермен ауыстырылсын; барлық мәтін бойынша «ҚАЖКБ» деген сөздер «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын; 7, 9, 10 және 13-қосымшалардағы «ҚАЖКБ» деген сөз «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын. 13) «Сотталғандарды медициналық куәландыру және олар­ды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды ретке келтіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 145 бұйрығына, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5973 болып тіркелді, «Заң газеті» 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 57 (1679); «Юридическая газета» газеті 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 57 (1853); Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік орган­дарының актілер жинағында жарияланды, 2010 жылғы № 8): көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Сотталғандарды медициналық куәландыру және оларды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды ретке келтіру жөніндегі нұсқаулықта: 4-тармақта «Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi Бас­қарма­ларының» деген сөздер «ҚАЖ комитетінің қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі-ҚАЖ коми­тетінің ҚАЖД)» деген сөздермен ауыстырылсын; Барлық мәтін бойынша «ҚАЖ комитеті басқар­ма­ла­ры­ның», «ҚАЖ комитеті басқармасының» деген сөздер сәйке­сін­ше «ҚАЖ комитетінің ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын. 14) «Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Әділет министрінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 169 бұйрығына, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5974 болып тіркелді, «Заң газеті» 2010 жылғы 12 мамырдағы № 66 (1688); «Юридическая газета» газеті 2010 жылғы 12 мамырдағы № 66 (1862); Қазақстан Респуб­ли­касы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік ор­гандарының актілер жинағында жарияланды, 2010 жылғы № 8): көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қылмыстық-атқару жүйе­сінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің (лицейлердің) қызметін ұйымдастыру ережесінде: 7-тармақта «басқармаларының» деген сөз «қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Р.ТҮСІПБЕКОВ. ––––––––––––––––––– Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 18 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6745 болып енгізілді.