• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2016

Атырауда 17 млрд теңгенің қаржысы жария етілді

249 рет
көрсетілді

Атырау облысында қаржылық табысын заңдастыруға ынта танытушылар қатары толыға түсті. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, 10 тамызға дейін тұрғындар тарапынан 17 миллиард теңге қаржы жария етілді. Бұған қоса, өңір тұрғындарынан арнайы комиссияға 1486 өтініш түсіп, жалпы құны 12,14 млрд теңге құрайтын мүлікті жария етуге шешім алыныпты. Ал шетелдегі мүлікке қатысты түскен 38 өтініш бойынша жалпы құны 258,0 млн теңге құрайтын мүлік заңдастырылды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ