• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2016

Үкімет басшысы Батыс Қазақстанда жол жағдайымен танысты

260 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір автожолдарының жағдайымен танысты. Pm.kz-тің мәліметінше, Үкімет басшысына тұтастай алғанда, облыс автожолдарының жағдайы және «Орал – Тасқала – Ресей Федерациясы шекарасы» автожолын қайта жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндалды. Аймақты Ресей Федерациясының Саратов облысымен байланыстыратын аталған автожолды қайта жөндеу жобасы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Оның жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайды, қайта жөндеу жұмыстары 2015 жылдың шілде айында басталған, оны 2018 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланған. Осы жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 800 шақырымға жуық жаңа автожол төсемін пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Бейнеу – Ақтау», «Астана – Теміртау», «Алматы – Қапшағай – Талдықорған» және «Астана – Петропавл» жобаларын толығымен аяқтау қарастырылған. 2020 жылға дейін 7 000 шақырым автожол құрылысы аяқталады деп жоспарланған. Айдар ӨРІСБАЕВ