• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2011

Үкіметаралық комиссияның отырысы

370 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Қазақстан жағынан – Сыртқы істер ми­нис­трлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаевтың, Эстония жа­ғынан – Экономика және коммуникация министрі Юхан Парт­стың төрағалығымен экономикалық және ғылыми-техни­ка­лық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-эстон үкіметаралық ко­миссия­сы­ның екінші отырысы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Комиссия отырысының бары­сында көлік пен транзит, ақпа­раттық технологиялар, энергети­ка, ауыл шаруашылығы, білім мен ғылым, мемлекеттік қызмет, ден­саулық сақтау, мәдениет пен спорт салаларындағы екіжақты ын­ты­мақ­тастық мәселелері тал­қы­­ланды. Отырыстың қорытындылары бойынша екіжақты сауда-эко­но­ми­калық ынтымақтастықтың од­ан әрі дамуының анағұрлым келешегі мол бағыттарын айқын­дай­тын хаттамаға қол қойылды. 14 ақпанда комиссия жұмы­сы­ның шеңберінде 2010 жылы 10 наурызда Таллин қаласында өт­кен Қазақстан-Эстония Үкімет­ара­лық комиссиясы 1-ші отыры­сы­ның нәтижелері бойынша қа­лыптастырылған көлік пен логистика, энергетика, сондай-ақ ақпа­раттық технологиялар жөніндегі үш жұмыс тобының кездесулері өткен болатын. Өз кезегінде, эстон тарабы сол күні ҚР Көлік және коммуникация­лар министрі А.Құсайынов пен ЭР Экономика және коммуникация министрі Юхан Партстың бас­шылығымен өткен «Бүгінгі және ертеңгі іскерлік мүмкін­дік­тер» атты конференцияның бары­сында өз елдерінің көліктік және логистикалық мүмкіндіктерінің тұсаукесерін өткізген еді. Транзиттік-көліктік ынтымақ­тас­тық, Қазақстан-Эстония өзара әрекеттестігінің ауқымды жұмыс атқарылған маңызды бағыты бо­лып табылады. Энергетика жөніндегі жұмыс тобының құрылуына Қазақстан кен орындарында битуминоздық тақта тасты өндіру мен қайта өңдеу саласында эстон техно­логияларын тиімді пайдалану мақ­сатында Қазақстан жағы бас­тамашылық еткен болатын. Осы­ған орай, эстон тарабы тақта тас майы мен энергия көздерін өн­діру үшін Қазақстанның пайдалы қазбаларының кен орындарында тақта тасты өндіру мен қайта өң­деу саласындағы Enefit 280 жаңа сатылы эстон технологияларын ен­гізу мәселелерін талқылауды жал­ғастыруды ұсынған еді.