Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар туралы хабарлады.
Бүгін Сочи қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесуі өтеді.
Келіссөздер барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі жайттар талқыланады деп күтілуде.