Мажарстан астанасы Будапешт қаласында түркі халықтарының Үлкен Тұран құрылтайы болып өтті.
Мажар-Тұран қоры ұйымдастырған Мажарстан парламентіндегі алқалы басқосумен басталды. Оған өз халықтарының ұлттық киімдерін киген бауырлас түркі халықтарының өкілдері қатысты. Шара шымылдығын Мажарстанның мемлекет қайраткері, бұрынғы Парламент төрағасының орынбасары, ақын Шандор Лежак пен Мажар-Тұран қорының басшысы Андраш Биро ашты.
Осымен 4 рет ұйымдастырылып, Әзербайжан, Қазақстан, Башқұртстан, Бурятия, Дағыстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия секілді әлемнің 15 елінен келген қатысушылардың басын қосқан Тұран құрылтайы Мажарстанның Бугац қаласында түрлі мәдени шаралармен жалғасты.
«Егемен-ақпарат»