[caption id="attachment_56873" align="alignnone" width="560"] Серхио Мартинес[/caption]
Кәсіби бокстан WBC және WBO нұсқалары бойынша әлемнің экс-чемпионы Серхио Мартинес туитттердегі парақшасы арқылы Рио-2016 Олимпиадасындағы бокс бәсекесіне қатысты пікір білдірді. Ол 91 келіге дейінгі салмақ бойынша финалдық жекпе-жекте төрешілер Василий Левитке әділетсіздік жасады деп есептейді.
— Менің ойымша, 91 келіге дейінгі салмақта Қазақстаннан келген жеңді,— деді Серхио Мартинес.
91 келіге дейінгі салмақта ресейлік Евгений Тищенко мен жерлесіміз Василий Левит алтын медаль үшін таласып, төрешілер 3-0 есебімен ресейлік боксшы жеңді деп тапқан еді.