Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Хасанов ашқан жиынға Ақсақалдар кеңесінің мүшелері Фаттах Гейдаров (Әзербайжан), Әділ Ахметов (Қазақстан), Бексұлтан Жакиев (Қырғызстан), Мұстафа Исен (Түркия), сондай-ақ елшілік қызметкерлері қатысуда.
Үш күнге созылатын алқалы басқосуда Ақсақалдар кеңесінің алдыңғы отырыстарында айтылған ұсыныстар мен тапсырмалардың орындалу деңгейі қарастырылады. Сонымен қатар, Түркі Кеңесінің саясат, экономика, білім, мәдениет, көлік және туризм салалары бойынша өткізетін алдағы іс-шаралар жөнінде ұсыныстар қабылданады.
Алғашқы отырысы Астанада басталған жиын ертең Бурабайда жалғасады.
«Егемен ақпарат»
Фото: kazgazeta.kz.