Италиядағы хайуанаттар бағының қызметкерлері жануарлардың шөлін басатын жаңа әдіс ойлап тапты. Олар аңдарға мұздатылған қарбыз беріп, көпшілікті таң қалдырды.
«Римде 2 ай бойы жаңбыр жаумады. Аңдар аптап ыстыққа шыдамай жатыр. Сондықтан біз қарбыздарды мұздатып қойып, оны сусын ретінде береміз», – дейді аталған зообақтың мамандары.
Мұндағы әр жануарға тиісті тағам мөлшерін диетологтар есептеп отырады. Соған орай күтушілер аңдарға мұздатылған жемісті береді. Олардың айтуынша, аюлар мен маймылдар ыстыққа шыдамсыз екен.
Айта кетейік, Римде соңғы аптада ауа райы 30 градус ыстықты көрсетуде.
Талғат РАЙЫМБЕК
Фото: 24.kz