Ертең Астанада футболдан УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясында өтетін «Астана» мен Беларусьтің БАТЭ командаларының арасындағы матчқа байланысты Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары, Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі. Қала әкімдігі астаналықтар мен қала қонақтарына көлікпен баратын жерлеріне Орынбор арқылы айналып өтуге кеңес береді.
«Жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін арнайы трансфер ұйымдастырылады. Автобустар сағат 18.00-ден бастап «Қазақстан» спорт кешені, Астаналық цирк, Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион, «Әзірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттерінің жанындағы (шығыс жағынан) тұрақтардан жүреді», деп хабарлайды қала әкімдігі.
Дастан КЕНЖАЛИН
Фото: astana.gov.kz