• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2011

КЕШЕ...

315 рет
көрсетілді

...АЛҒАЩҚЫ МИЛЛИОН КІРПІШ ЖӨНЕЛТІЛДІ Керамикалық кірпіш шы­ға­ра­тын жаңа зауыт өзінің ал­ғашқы 1 миллион дана өнімін тұтынушыларға жөнелтті. Кә­сіпорын жоғары сұраныстағы құрылыс материалдарының отыз­дан астам түрін дайын­дау­ға мамандандырылған. Үдемелі индустриялық-ин­новациялық үдемелі даму бағ­дарламасы шеңберіндегі жо­ба­ның жалпы құны 6 миллиард тең­гені құрайды. Зауыт дирек­торы Днил Галамбецтің ай­туын­ша, қазір күніне 40 мың дана кірпіш шығарылуда екен. Мұның өзі кәсіпорынның алда­ғы екі айда жобалық қуатына енетінін дәлелдейді. Әйткен­мен, ұжым санмен бірге, сапа көрсеткіштерін қатаң бақы­лау­да ұстайтын болады. Мұндағы кірпіштің құны Ресейден тасы­малданатын өнімнен 10 теңгеге арзан. Бақберген АМАЛБЕК. Көкшетау. * * * ...БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ «Даму» қорының облыстық филиалы орта және шағын бизнесті қолдау мақсатымен жүзе­ге асырылып жатқан жоба­лар­дың игерілуін тағы бір ой елегінен өткізді. Бағдарламаға  облыстан бес жоба енгізіліп, ауыл шаруашы­лығы, өнеркәсіп, өнім өңдеу са­лаларын өркендетуге басым­дық  беріліп отыр. Бұл мақ­сат­тар үшін жарты миллиард тең­геден астам қаржы бөлініп, қаржыландыру мәселесімен «Центркредитбанктің» және «Еуразиябанктің» жергілікті бө­лімшелері айналысады. Ас­тық, ұн, ет, сүт өнімдерін өң­деу­мен шұғылданатын  «Сол­түс­тік Есіл астық», «Молсервис», «Тортуманов» секілді серіктестіктер қолдауға  ие болса, олардың  қазіргі қадамдары қуантарлық. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы. * * * ...«АУҒАНДЫҚТАР» РУХЫ АРДАҚТАЛДЫ Кеңес әскерлерінің ауған елінен шығарылуына 22 жыл толуына орай кеше Жамбыл облысының орталығындағы ин­тернационалист-жауын­гер­лердің ескерткіші қасында сал­танатты құрмет көрсету рәсімі болып өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары К.Көкі­рек­баев, «Оңтүстік» өңірлік әс­кери қолбасшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ержан Садықов, қалалық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы  Сабыржан Әбді­кері­мов бастаған қала жұрт­шылығы, мекеме басшылары, студенттер және мектеп оқу­шылары  келіп, қаза тапқан жауынгерлерді азалы үнсіз­дік­пен еске алды. Гүл шоқтарын қойды. Тараз қаласы әкімдігінде оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралған интерна­циона­лист-жауынгерлер мен қаза тапқандардың ата-аналарына және жесірлеріне бағалы сыйлықтар тапсырылды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Тараз.