Бейжің-2008 Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Риода бүгін кілемге шығып, бірінші белдесулерінде қарсыластарынан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалған қазақстандық еркін күрес шеберлері Аслана Кахидзе мен Дәулет Шабанбайдың үмітті ақтамағанын айтты.
«Шабанбай да, Кахидзе де бірінші жекпе-жектерінде Беларусь палуандарымен кездесті. Біз оларға үлкен үміт артып едік. Екеуі де ұятқа қалдырды», - деді Теңізбаев «Хабар» арнасының тілшісіне.
Еске сала кетейік, Олимпиадада 86 кг салмақта сынға түскен Кахидзе – Омаргаджи Магомедовке, ал 125 кг салмақта күрескен Шабанбай Ибрагим Саидовке ұтылды.
Келесі раундта бұлардың өздері де жеңіліп қалғандықтан, қазақстандық палуандар жұбаныш финалына шыға алмады.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ