Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні аталып өтеді. Аталған мереке елде спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді ынталандыруға арналған. Спорт күні мерекесіне орай елімізде саламатты өмір салтын ұстану - тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызық әрі көңілді екенін көрсетуге бағытталған түрлі спорт шаралары ұйымдастырылады, - деп хабарлайды kaztrk.kz.