Істі Сарысу аудандық соты қараған. Сот материалдарына сәйкес, 2026 жылдың қаңтар айында әйел әлеуметтік желідегі парақшасында басқа бір әйелге қатысты балағат және қорлайтын жазбалар жариялаған. Ол жазбаларға жәбірленушінің фотосуреттерін қоса тіркеп, жағымсыз пікірлер қалдырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, бұл әрекетке қызғаныш себеп болғанын айтқан. Оның сөзінше, ол күйеуінің жәбірленушімен қарым-қатынасына күмәнданып, эмоцияға берілген.
Жәбірленуші бұл жағдай оның ар-намысына, беделіне және отбасылық өміріне зиян келтіргенін мәлімдеген. Ол заңды некеде екенін, алты баланы тәрбиелеп отырғанын айтып, болған оқиға өзіне және отбасына моральдық ауыр соққы болғанын жеткізген.
Жалған ақпарат таратудың жауапкершілігін білеміз бе?
Істің соңында сот шешімі заң аясында қаралып, айыпталушы жауапкершілікке тартылған.