• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Еңбек Бүгін, 11:42

Елімізде қандай мамандар тапшы?

30 рет
көрсетілді

Елімізде кадр тапшылығын азайту мақсатында шетелдік мамандарды жұмысқа орналастырудың жеңілдетілген тәртібі қолданылады. Бұл тізімге сұранысқа ие 50-ден астам мамандық енгізілген. Олардың қатарында ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, инженерия және креативті индустрия салаларындағы жоғары білікті мамандар бар, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа тетікке сәйкес, тізімдегі мамандық иелеріне Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл шешім ел экономикасы үшін басым бағыттарда маман тапшылығын азайтуға бағытталған.

Enbek.kz порталының мәліметінше, медицина саласында әсіресе сұраныс жоғары:

акушер-гинеколог – 469 бос орынға 100 түйіндеме

педиатр – 448 бос орынға 139 түйіндеме

анестезиолог-реаниматолог – 300 бос орынға 75 түйіндеме

Сонымен қатар онколог, неонатолог және эндокринолог мамандарына да жоғары сұраныс бар.

Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады

IT саласында да кадр тапшылығы байқалады. Атап айтқанда:

қолданбалы бағдарламашылар – 509 бос орын

графикалық дизайнерлер – 355 бос жұмыс орны

Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесінің деректеріне сәйкес, сұранысқа ие мамандықтар бойынша 45 мыңнан астам еңбек шарты жасалған. Оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілері, дәрігерлер мен IT мамандары басым.

Сонымен бірге шетелдік жұмыскерлермен 55 еңбек шарты рәсімделген, олардың негізгі бөлігі автоматтандыру инженері мамандығына тиесілі.

Жалпы, ресми деректер ішкі еңбек нарығы көптеген салаларда сұранысты қамтамасыз етіп отырғанын көрсетеді. Дегенмен, денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы әлі де өзекті мәселе болып қалып отыр. Еске сала кетейік бұған дейін 2022 жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарына түскен түлектер резидентураны міндетті түрде өтпей-ақ жұмыс істеуге рұқсат берілген болатын. 

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар