• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:39

Алматыдағы қайғылы жол апаты: Екі бірдей жәбірленуші тарап айыпталушыға кешірім берді

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша екі жәбірленуші тарап кінәлі Александр Пакты кешіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот отырысында қаза тапқан қыздың анасы Бақытгүл Жолдасова мен марқұм жүргізушінің әпкесі Ляззат Тілемісова айыпталушыға қатысты ешқандай талаптарының жоқ екенін айтты.

Ляззат Тілемісованың сөзінше, келтірілген материалдық және моральдық шығын толық өтелген. Өз кезегінде Бақытгүл Жолдасова да айыпталушымен татуласқанын мәлімдеді.

«Ол істеген қылмысы үшін өкінетінін жеткізіп, кешірім сұрады. Материалдық және моральдық шығынды толық өтеді. Менің де, туыстарымның да оған қоятын талабымыз жоқ. Біз өз еркімізбен татуластық», деді Бақытгүл Жолдасова.

Сондай-ақ ол бұған дейін өз мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеевтің қызметінен бас тартқанын жеткізді. Тараптар марқұмның туыстары Александр Пакты толық кешіргенін айтып, оған бас бостандығын айырудан өзге жеңіл жаза тағайындауды да қолдайтынын атап өтті. Ал жол апатынан қаза тапқан үшінші адам – Томирис Қыдырбекованың туыстарының ұстанымы 4 маусымға белгіленген келесі сот отырысында қаралады.

Айта кетейік, бұған дейінгі сот отырысында айыпталушы Александр Пак өз кінәсін толық мойындап, кешірім сұраған болатын. 

Соңғы жаңалықтар