• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 14:51

Малайзияда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынды

Малайзия билігі 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде аккаунт ашуына тыйым салатын жаңа талаптарды енгізді. Бұл туралы елдің Байланыс және мультимедиа комиссиясы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа ереже кәмелетке толмағандарды интернеттегі зиянды контенттен қорғауға бағытталған. Осылайша Малайзия балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына әлеуметтік желілердің әсеріне алаңдаушылық білдіріп отырған елдердің қатарына қосылды.

1 маусымнан бастап Facebook, Instagram, TikTok және YouTube секілді платформалар жаңа пайдаланушылардың жасын мемлекеттік дерекқорлар арқылы тексеруге міндетті. Егер әлеуметтік желілер бұл талаптарды орындамаса, оларға 10 миллион ринггитке дейін (шамамен 2,5 миллион доллар) айыппұл салынуы мүмкін.

TikTok-қа телмірген толқын: Балалар қанша уақытын әлеуметтік желіде өткізеді?

Малайзияның Байланыс және мультимедиа комиссиясы бұл шара балалардың интернетке немесе технологияларға қолжетімділігін шектеу үшін енгізілмегенін атап өтті.

«Басты мақсат – кәмелетке толмағандардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әлеуметтік желілердің, ата-аналар мен қамқоршылардың жауапкершілігін арттыру», делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ әлеуметтік желілер қолданыстағы пайдаланушылардың жасын алты ай ішінде кезең-кезеңімен тексеруден өткізуі тиіс.

Еуроодақ балалардың әлеуметтік желіге кіруін шектеуді жоспарлап отыр

Соңғы жылдары Малайзияда зиянды интернет-контенттің күрт көбеюіне байланысты билік әлеуметтік желі платформаларына бақылауды күшейтіп келеді. Ел билігі ұлтаралық және дінаралық араздықты қоздыруға бағытталған материалдарға, сондай-ақ монархияны сынайтын контентке қарсы шараларды да қатаңдатып отыр. 

Соңғы жаңалықтар