Бүгін Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді. Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институтына қарасты Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 1 маусымда Астана уақытымен сағат 10:56-да болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жерасты дүмпуінің ошағы Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде орналасқан.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 3,8-ді құрады. Энергетикалық класы – K=9.0.
Жер сілкінісінің эпицентрі 44,65 градус солтүстік ендік пен 79,10 градус шығыс бойлық координаттарында орналасқан.
Қытайда жер сілкінісінен екі адам қаза тапты
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.