• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:25

Ақтау жағалауындағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды

Ақтау қаласындағы айлақтардың бірінде ер адамдар арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Куәгерлер түсірген видеода жанжал барысында қатысушылардың бірінің суға түсіп кеткені көрінеді. Оқиға кезінде айналадағылар төбелесті тоқтатуға тырысқан.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Ер адамдар арасында туындаған келіспеушілік сөз таласынан кейін төбелеске ұласқан. Оқиғаға қатысушылардың барлығы Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деп хабарлады ведомство.

Атырауда оқушылар арасында жаппай төбелес болды: Балалар түгел есепке алынды

Айта кетейік, бұған дейін Ақтаудағы №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ерекше күтімді қажет ететін баланы жарақаттаған дерек бойынша тергеу басталған болатын.

Соңғы жаңалықтар