Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың боксшылар бәсекесінде бүгін түнде әйелдердің екі, ерлердің екі финалдық шайқастары болып өтті.
Жекпе-жектер төмендегідей нәтижелер әкелді:
20 тамыз. Әйелдер. 51 кг. Никола Адамс (Ұлыбритания) – Сара Оурахмон (Франция) 3:0.
Ерлер. 56 кг. Робейси Рамирес (Куба) – Шакур Стевенсон (АҚШ) 2:1.
21 тамыз. Ерлер. 75 кг. Арлен Лопес (Куба) – Бектемир Меликузиев (Өзбекстан) 3:0.
Әйелдер. 60 кг. Эстелла Моссели (Франция) – Жунхуа Вин (Қытай) 2:1.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ