• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Тамыз, 2016

Түркияда тойда теракт жасаушы 14-ке толмаған жасөспірім екен

343 рет
көрсетілді

Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған елдің түстігіндегі Газиантеп қаласында жарылыс жасаған жанкештінің 12-14 жас аралығындағы жасөспірім болып шыққанын хабарлады. «Франс Пресс» ақпарат агенттігі мемлекет басшысының сондай-ақ жарылғыш қондырғыны не жанкештінің өзі, не жанындағы әлдекім қосқанын атап өткенін жазады. Ол алдын ала мәлімет бойынша, мұны ұйымдастырған «Ислам мемлекеті» террорлық тобырының содырлары екенін тағы қайталады. Ердоған жарылыс салдарынан 51 адамның қаза тауып, 69 адамның зардап шеккендерін, бұлардың 17-сі ауыр халде жатқандарын атап өтті. Бұдан бұрын алдымен 30, кейінірек 50 адамның қаза тапқаны, 94 адамның жарақат алғандары туралы ақпар таратылып еді. Шабуыл сенбіден жексенбіге қараған түні тойдың үстінде жасалған. Полицейлер кейін оқиға орнынан терроршы-жанкештінің кемерін тауып алған. Мұрат АЙТҚОЖА