• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Тамыз, 2016

Елбасы Түркия Президентіне көңіл айтты

223 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Газиантеп қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта Мемлекет басшысының Газиантеп қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. «Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды. Терроризмнің тамырына балта шабу – әлемдік қоғамдастық үшін ең басты мәселе. XXI ғасырдың індетіне қарсы күресте біз бауырлас түрік халқымен біргеміз», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ барша түрік халқына көңіл айтты. Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Талғат РАЙЫМБЕК