• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
22 Тамыз, 2016

Өскеменде жаңа нысанның құрылысы басталды

379 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын жаңа нысанның құрылысы басталды. Құрылыстың басталуына орай ұйымдастырылған cалтанатты рәсімге «Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бауыржан Мамытәлиев, Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы Арман Искаков, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері қатысты. Басқарма төрағасының мәліметі бойынша, тұрғын үй кешені Өскемен қаласының ең перспективалық аудандарының бірі – сол жағалауда орналасады. Жаңа нысан ІІІ жайлылық санатындағы тоғыз қабатты көппәтерлі үш үйден тұрады. Тұрғынжайлардың ауданы 19,5 мыңнан астам шаршы метрді құрайды. Барлығы 325 пәтер салу жоспарланған. Жобаның жалпы құны 4 миллиард теңгеден астам, оның 80 пайызы «Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» тарапынан қаржыландырылады. Құрылыс барысында энергия үнемдейтін материалдар қолданылады. Айдар ӨРІСБАЕВ