Француз режиссері Режис Гезельбаш Қазақстанда «Жібек жолы» туралы фильм түсіруге ниетті. Бұл туралы ол Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде өткен кездесу кешінде мәлім етті.
«Біз сіздердің елдеріңіздің кино саласымен жақсы таныспыз. Әсіресе тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірілген фильм көңілімнен шықты. «Жібек Жолы» туралы фильмді Қазақстанда түсіру мен үшін үлкен қуаныш. Кино желісі Еуропа мен Азияның арақатынасын суреттейтін болады. Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді екен. Бұл бірлікті ту еткен Президенттеріңіздің ерен еңбегі деп ойлаймын», – дейді Режис Гезельбаш.
Айман МҰҚЫШЕВА