Түрік Республикасының Газиантеп қаласында ондаған адамның қаза болуына себеп болған террорлық актіні қатаң айыптаймыз.
Неке қию тойына қатысушыларды нысанаға айналдырған қылмыскерлердің қатыгездігі ерекше ашуымызды тудырды.
Бауырлас түрік халқының, қаза болғандардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге жарақаттарының тезірек жазылуын тілейміз.
Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастықтың терроршылдыққа қарсы күресін қолдайды және осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты және әрекеттерді бірлесе үйлестіруді одан әрі нығайтуға шақырады.