• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Тамыз, 2016

Елші Сербия басшылығымен кездесті

235 рет
көрсетілді

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасына ресми сапармен барады. Осыған орай, кеше Қазақстанның Мажарстан мен Сер­биядағы елшісі Нұрбах Рүстемов Сербия Президенті Томислав Нико­лич­пен және осы елдің Премьер-Министрі Александр Вучичпен кездесті. Кездесу барысында Президент Томислав Николич былтыр тамыз айында Астанаға жасаған сапарын жылылықпен еске алды. Ол Қазақстан басшысын Сербияда «халық­ара­лық ауқымда танылған әлемдік көш­бас­шы» ретінде танитынын және оның Белградқа келуін асыға күтіп отыр­ғандарын айтты. Ал Сербия Премьер-Министрі Александр Вучичпен кездесу барысында Қазақстан мен Сербияның екіжақты қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен келешегі талқы­ланды. Сондай-ақ, бұл сапар екі ел арасындағы экономикалық саладағы ынтымақтастықтың дамуына елеулі серпін беретіні атап өтілді. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан»