• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
23 Тамыз, 2016

Алматыда радикалды топ мүшелері қолға түсті

338 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматы облысында арнайы операция жүргізіп, еліміз аумағында террористік актілер сериясын ұйымдастыруды жоспарлаған радикалды топтың 4 мүшесін қолға түсірді, деп хабарлады аталмыш комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған kaztrk.kz Күдіктілер Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары болып шықты. Олар тұрып жатқан жерден жарылғыш заттар жасауға арналған құрылғылар мен діни-экстремистік бағыттағы материалдар табылған. Дереккөздің мәліметінше, күдіктілердің Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, полиция және әскери бөлімше қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасау жоспарларының жолы кесілген. Олар сондай-ақ халық көп шоғырланатын жерлерде де түрлі жарылыстар ұйымдастыруды жоспарлаған көрінеді. Қазіргі таңда осы іс бойынша, тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр. Айдар ӨРІСБАЕВ