• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
23 Тамыз, 2016

Премьер Жамбыл облысында баламалы энергетика әлеуетін бағалады

392 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Жамбыл облысы Жуалы ауданында орналасқан еліміздегі ең ірі күн электр станциясына барды, деп хабарлады pm.kz Серіктестік директоры Н.Қапеновтің айтуынша, аталған жоба Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына енгізілген және Қазақстанда жаңартылған энергия көздерін дамыту аясында жүзеге асырылып жатыр. Электр станциясы аумағында 192 мың күн панелі орнатылған, олар жылына орташа есеппен 73 млн киловатт-сағат электр энергиясын өндіруге есептелген. 2016 жылдың алғашқы тоқсанында күн электр станциясы 20 млн кВт/сағ энергия жинаған. Жамбыл облысында баламалы энергия көздерін шығаратын жалпы саны 9 жоба жұмыс істеп тұр: төрт ГЭС, жалпы қуаты 114,05 МВт құрайтын үш жел және екі күн электр станциясы. 2016 жылдың алғашқы 6 айында барлығы 104,08 млн кВт-сағ энергия өндірілді. Айдар ӨРІСБАЕВ