• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Тамыз, 2016

Қостанайда жас боксшылардың жиыны өтті

293 рет
көрсетілді

Қостанайда жас боксшылардың жазғы жиыны өтті. Оған еліміздің барлық облыстарынан  40-тан астам спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты. Оларға АҚШ-тың Мұхаммед Әли орталығының мамандары дәріс оқып, бірнеше күн бойы жаттықтырды. Бұл жиын Қазақстан және АҚШ бокс федерацияларының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның аясында өткізілді. Мұндай басқосу биыл екінші рет өтіп жатыр. Алғашқысы наурыз айында АҚШ-тың Луисвилл қаласында өткен болатын. Сол кезде Құрама Штаттарға елімізден 12 жас боксшы барып, Мұхаммед Әли орталығында жаттықты. «Маған жиын өте ұнады. Ең бастысы, ол бабалардың көңілінен шықты. Бір байқағаным, балалардың көбісі жиынға алғаш рет қатысқан екен. Олар шетелдің мамандарымен және еліміздің жер-жерінен келген боксшылармен танысып қайтты. Осындай жазғы лагерьлер көп болса деймін», деді жиынға қатысқан Арқалық қаласының жаттықтырушысы Марат Сейітмағамбетов. Ал Қостанай облысының жасөспірімдер арасындағы екі дүркін чемпионы Дина Қуанышбаева жазғы лагерьде америкалық қонақтармен, Арқалық, Ақтөбе, Тараз, Қарағандының жас өрендерімен танысқанын, жиын кезінде командалық тренингтердің ұнағанын айтты. «Команданың басты жетістігі – ол адамдардың бір-бірін сыйлауы, құрмет көрсетуі, команданың басқа мүшелерінің пікірін тыңдауы. Егер осының командада осының бәрі болса жеңіске қиналмай жетуге болады», дейді жас болса да бас бола білетін спортшы қыз. Дастан КЕНЖАЛИН