Американың беделді The National Interest басылымы АҚШ-тың Ресей үстінен үстемдік құрып келген дәуірінің аяқталғанын хабарлап, Вашингтонның әлі ескі көзқарастың ықпалынан айрыла алмай отырған жайын келекеге айналдырды.
Газет мұны АҚШ-тың қазіргі таңдағы геосаяси көшбасшылық рөліне ұмтылушылық ниетін мазақ еткен мақаласы арқылы жеткізді. Материалдың басты идеясы америкалық үстемдіктің ақыры келіп жеткенін мәлімдеу болып табылады.
«АҚШ енді Ресей мен Қытай сияқты басқа ұлы державалармен қатар өмір сүрудің мүмкіндіктерін қарастыруы тиіс», - деп атап көрсетеді мақала авторлары.
Америка саясаткерлері жоғары державалық позициясын жоғалтып алып, соғыстан кейінгі кезеңді аңсап жүргенін әлі күнге мойындай алатын жағдайда бола алмай отыр, деп жазады The National Interest өзінің «қаралы» хабарды жеткізген мақаласында.
Сарапшылар Құрама Штаттар саяси басшылығының бұл ескірген көзқарасының көп жағдайда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қирандылар үстінде жатқан бүкіл әлемге әскери-экономикалық және саяси салалардағы жағынан қолдан жасалған үстемдігімен байланысты екенін атап көрсетеді.
Мақалада Вашингтонның сол жылдардың өзінде стратегиялық әріптестер ретінде Сауд Арабиясы және Пәкістан секілді елдерді қарастырғаны жазылған.
Құрама Штаттардың күллі әлемнің қожасы саналған жылдарға деген сағыныш елдің басшылығына тыныштық берер емес.
АҚШ-тың коммунистік партияға қарсы көтерген идеологиясы өзінің өзектілігін жоғалтқан, Африка мен Таяу Шығысқа таңған демократиялық құндылықтары өзін өзі ақтамаған қазіргі заманда Америка үстемдігінің де ақыры келіп жетті, деп түйіндейді мақала авторлары.
Мұрат АЙТҚОЖА