Филиппиндік балықшы осыдан 10 жыл бұрын Палаван аралынан 34 кило тартатын балық аулап алған екен. Бір қызығы, бұл құны 100 млн. доллар тұратын балық екен. Алайда, ол су жәндігінің мұндай бағалы болатынын білмеген.
Балықшының үйі отқа оранып, құтқарушылар барлық заттарды сыртқа шығарған кезде туризм саласының мамандары мұнда сирек кездесетін әрі қымбат тұратын балық жатқанын аңғарған.
«Ол су маржанының осыншама қымбат екенін білмеген. Ол тек үйінде келім-кетім қонақтарға көрсету үшін сақтаған. Енді балықты не істейтінін өзі де білмейді», – дейді аталған саланың қызметкері Эйлин Синитии Амурао.
Жергілікті биліктің айтуынша, балықшы жануарлар әлемін зерттейтін ғалымдардан арнайы сертификат алуы тиіс. Сондай-ақ, қала басшылығы осы балық арқылы Пуэрто-Принсеса шаһарына туристерді көптеп тартуды көздеп отыр.
Талғат РАЙЫМБЕК