• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Тамыз, 2016

Президент Польша премьер-министрімен кездесті

220 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Польша Республикасының премьер-министрі Беата Шидломен кездесті. Akorda.kz-тің мәліметінше, кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды қамтитын негізгі бағыттары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде екі ел ұстанымының ортақтығы Қазақстан-Польша диалогын жүйелі түрде өрбіту үшін қолайлы негіз болатынын атап өтті. Б.Шидло Астанамен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту Польшаның Орталық Азиядағы сыртқы саяси бағдарының басымдығы бар бағыты екенін айтты. Айдар ӨРІСБАЕВ
Соңғы жаңалықтар