• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
23 Тамыз, 2016

Украина президенті Қазақстан азаматтарын марапаттады

322 рет
көрсетілді

Украина президенті Петр Порошенко осы елдің тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты Украинаның халықаралық беделін нығайтуға, тарихи мұрасы мен қазіргі жетістіктерін насихаттауға зор үлес қосқаны үшін Т.Шевченко атындағы Павлодар облыстық украин мәдени қоғамы мен «Қазақстандағы украиндар» қауымдастығының төрағасы Михаил Парипсуды «Украина тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапаттады. Осы медальмен Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстандағы украиндар кеңесі» заңды тұлғалар бірлестігі үйлестіру кеңесінің төрағасы Юрий Тимошенко да марапатталды. Дастан КЕНЖАЛИН