фильмі Қытай халықаралық кинофестивалінде жеңімпаз атанды
Шыңжаңда (Қытай) Халықаралық мәдениет және креативті индустрия көрмесі аясында халықаралық кинофестиваль өтті. Кинофестиваль мен шараға қатысушы мемлекеттердің мәдениеті туралы көрмені Қытай Халық Республикасының мәдениет министрлігі ұйымдастырды.
Кинофестиваль бағдарламасында қазылар алқасы назарына 78 фильм ұсынылды. Режиссер Бақыт Қайырбековтің «Мәңгілік аспан астында» атты ғылыми-танымдық фильмі «Инновациялық жоба» аталымы бойынша жоғары марапатқа ие болып, Қытай Халық Республикасы мәдениет министрлігінің жүлдесін алды.
Еске сала кетсек, «Мәңгілік аспан астында» фильмін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мен «Мерген» студиясы түсірген. Бұл жоба Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабы негізінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнайы даярланды.
Кинофестивальға қатысушылардың ортақ пікірі бойынша қазақстандық фильмдер шетелдік көрермендердің тарапынан сұранысқа ие. Осы фильмдер арқылы адамдар Қазақстан халқының бай мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныса алады.
Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданының мәдениет департаменті директорының орынбасары Кеңес Сани: «Қазақстандық фильм кинофестивальдың лайықты жоғары марапатына ие болды. Фильм қазақ халқының мәдениеті мен өмірін жаңа тұрғыдан ашып, көрмеге келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Біз бұдан былай екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жемісті болатынына үміттенеміз».
Көрменің жұмыс істеп тұрған уақытында қазақстандық стендті мыңдаған адам тамашалады.
«Егемен-ақпарат»