Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Жанат Омарбекова мен Василий Олейник Семей қаласындағы «Мұздыбай-1» ШҚ өндірістік алаңында кәсіпорын жұмысшыларымен және ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізді.
Депутаттардың халықпен жүздесуі барысында өтініш-тілектер де айтылды. Мәселен, ел ішіне медициналық бөлімше мен шағын балабақшалар салып беру және де басқа әлеуметтік мәселелер көтерілді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.