• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2016

«Мектепке жол» – мейірімділік жоралғысы

397 рет
көрсетілді

Еліміздің әр түкпірінде өткізіліп отырған «Мейірімділік керуені» шарасы аясында Алматының кішкене тұрғындарына қала әкімдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен сый жасады. Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясын қолдау мақ­сатында өткізілген шара барысында қалада тұратын көп балалы отбасылар мен жарымжан сәбилерді тәрбиелеп отырған шаңырақтарға, Жас­­өспірімдерді бейім­деу ор­талығының тәрбие­ле­ну­­шілеріне материалдық көмек ретінде оқушылардың мектеп жабдықтары сыйға бе­­ріліп, жеткіншектерге ша­­­ғын мереке ұйымдас­ты­рылды. Көп салалы «Заңғар» сау­да орталығының «Lumiera» кинотеатрында мульт­фильм тамашалап, бал­мұз­­дақ пен сусынға қарық бол­ған жеткіншектердің қуа­ны­шында шек болмады. Оларға сыйлық жасап, мере­келік көңіл күй сыйлаған Қазақ­стан халқы Ассамблеясы хат­шы­лығының, қала әкімдігі мен «Қоғамдық ке­лісім» ком­­муналдық-мем­лекеттік меке­месі, Ас­сам­блея жанын­дағы Аналар кеңесі мен жеке кәсіпкерлік топтардың өкіл­дері келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, білім сапарында сәттілік тіледі. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ