• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2011

Данияр АҚЫШЕВ: «Мемлекеттер халықтарды жақындастыратын маңызды қадам жасады»

429 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Жеке тұлғалардың Кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартты ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. Ағымдағы жылдың 30 қаңтарынан бастап заң күшіне енді. Іс жүзінде бұл құжат бізге не береді, Кеден одағы шегінде және одан тыс сапар шегуді қаншалықты оңайлатып, жеңілдетеді? Бұл туралы келіссөздер барысына және Кеден одағының қаржылық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық базасын құруға қатысушылардың бірі – Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Данияр АҚЫШЕВПЕН әңгімелестік. «АЛҒАШҚЫ ҚАРЛЫҒАШ» РЕТКЕ КЕЛТІРЕДІ! – Данияр Талғатұлы, кү­шіне енген шарт – Кеден одағы құжатта­рының қаржылық топтамасының «алғаш­қы қарлығашы» ма? – Расында да, бұл халықаралық шарт - Кеден одағына қатысушылардың қаржылық қаты­наста­рын реттейтін алғашқы құжаттардың бірі. Эконо­микалық саясатқа жауапты мемлекеттік орган­дардың бірі ретінде Ұлттық Банк Кеден одағы шеңберін­дегі қатысушы елдердің қатынастарын реттейтін бірнеше халықаралық шарттарды дай­ын­дауға қатысты және қатысып жатыр. Ратифика­ция­­ланған шарттың Кеден одағы азаматтары үшін маңызы өте үлкен. Сондықтан да болар, ол үш елдің де барлық билік тармақтарында қол­дауға ие болды. Шарт қарқынды дайындал­ды – даярлауға бар болғаны бір жыл кетті, бұл халықаралық құ­жат­тар үшін өте қысқа мерзім, мұқият жасалды, барлық қажетті рәсімдерден жедел және салыс­тыр­малы түрде жеңіл өтті. Құжатқа қатысты айтарлықтай ескертулер бол­ған жоқ, себебі ол қолма-қол ақша қаражатын өткізу мәселелерінде Қазақстан азаматтарының өмірін жеңілдетеді. Кеден одағы заңнамалық топтамасындағы басқа келісімдер туралы айтар болсақ, Ұлттық банк қаржы нарығының жұмыс істеуімен және ақша-кредит саясатын іске асырумен байланысты басқа да шарттарды дайындауға қатысты. – Олар қандай құжаттар және Одақ шеңберіндегі сыртқы экономикалық қыз­мет­тің қандай мәселелерін қозғайды? – 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттер басшыларының Валюталық сая­сат­тың келісілген қағидаттары туралы келісімге қол қойғанын еске сала кетейін. Қазір құжат ратификациялануға дайындық үстінде. Ұлттық Банк келіссөз жүргізушілердің бірі болды, осы келісімді әзірлеуге қатысты. Ресей мен Беларусь тарапынан келіссөздер барысына құзы­реттеріне осы мәселелер кіретін қаржы минис­трліктерінің және орталық банктерінің өкілдері қатысты. Келісім валюталық саясатты қалыптас­тыру­дың және жүргізудің тәсілдерін біртіндеп кезең-кезеңімен жақындастыруды қамтамасыз ететін қағидаттарды айқындайды. Құжат бағам­дық саясатты үйлестіру, өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту үшін жағдай жасау жөніндегі іс-шараларды көздейді. Сонымен қатар валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы заңна­маларды үйлестіруді, ақпарат алмасуды қоса алғанда, валюталық бақылауды жүзеге асыра­тын мемлекеттік органдардың өзара іс-қимы­лын көздейді. Бұл мәселелер жаңа емес. Олар мемлекет­теріміздің орталық банктері арасында үнемі талқыланды. Өзара іс-қимылымыздың тарихы тереңде жатыр, сондықтан да бұл мәселелер қалай болғанда да үнемі талқыланып келді. Бірақ бұл құжаттар алғашқы рет ең жоғары мемлекеттік деңгейде қабылданды. Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісім бойынша 2011 жылғы қыркүйекке дейін үкіметтер мен орталық (ұлттық) банктер арасындағы тиісті халықаралық шарттар мен келісімдерге қол қою көзделеді. Бұл – қаржы нарықтарының реттеушілері үшін аса маңызды құжат. Бағамдық саясаттың және оны елдер арасында үйлестірудің барлық мәселелері пысықталатын болады. Кеден одағы бойынша әріптес елдер біздің де негізгі сауда әріптестеріміз болғандықтан, бұл мемлекеттер­дің бағамдық саясаты да біз үшін маңызды болып табылады. Келісім ратификациялан­ған­нан кейін біз сыртқы сауда және инвестиция­лық операциялар саласында оң әсерді, БЭК қатысушы мемлекеттердің аумағында қазақ­стан­дық тауарлардың, қызмет көрсетулердің және капиталдың еркін қозғалысының жақса­руын, ұлттық валюталық нарықтар өтімділігі­нің одан әрі артуын күтеміз. Құжат қатысушы мемлекеттер резидентте­рінің арасында сыртқы экономикалық қызмет­тін жүргізу талаптарын жеңілдетеді. Аталған құжат­тардан басқа Ұлттық банк Кеден одағының тағы да бірнеше халықаралық құжаттарын дайын­дауға қатысты. Атап айтқанда, Кеден одағы елдері жүргізуі тиіс Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісім. Түрлі экономикалық саясат жүргізілетін елдерде не егер әріптес елдер түрлі даму кезеңдерінде болса, экономикалық ықпал­дас­тыққа қол жеткізу мүмкін еместігі түсінікті. Сондықтан да Кеден одағына кірген елдер инфляция, мемлекеттік борыш және ІЖӨ-нің көлемі бойынша негізгі өлшемдерді орындауға талпы­натын болып уағдаласты. Біз сонымен қатар, орталық банктер есеп айырысу жүйесін­дегі қандай да бір тәсілдерге қарамастан қажет болған жағдайда өз бағамдық саясатын жүр­гізеді деп айқындадық. Бұл дұрыс деп ойлай­мын, себебі көбіне болжамдар үшін қолда­нылатын индикативті цифрлар бір бөлек те, орталық банктің нарықтағы күнделікті жұмысы – бір бөлек. Сондай-ақ ҚҰБ «БЭК қатысушы мемлекеттердегі қызметтер саудасы және инвестициялар туралы» келісім бойынша келіссөздерге қатыс­ты. Бұл келісімді әрбір тарап үшін қолайлы жағдайларда дайындау өте қиын процесс бол­ды. Әрбір ел өз мүддесін барынша ескеруге тырысты. Біздің елдерімізде қаржы секторын реттеудің кейбір қағидаттары мен тәсілдері, қолданылып жүрген заңнамаларымыз және қалыптасқан практика әр түрлі. Бірақ саяси еркіміздің болуы маңызды болып, ортақ тәсіл анықталды, ол үйлестірудің халықаралық стандарттар негізінде және қандай да бір мәселе бойынша алға кеткен елдің қағидаттарымен жүзеге асырылатынын білдіреді. Біз Қазақстанның мүддесін барынша қор­ғадық, келісімдерге еліміздің мүдделері тұрғысынан қарадық, енді қаржылық өзара іс-қимыл жөніндегі бұл келісімдерден еліміздің экономикасы мен халқы үшін пайда әкелетін үлкен ықпалдастықты күтеміз. ШЕКСІЗ АҚША – КЕДЕН ОДАҒЫ ШЕКАРАСЫНДА… – Ратификацияланған Шартқа жүгінейік. Ол Кеден одағының бүкіл аумағында күшіне енгізілді ме? – Мынадай белгілі бір заңды тәртіп бар: егер шарт халықаралық шарт болса, егер оның нормалары ұлттық заңнамада қолданылып жүр­ген нормалардан қаталырақ болса немесе жаңа ұстанымдар енгізілсе, онда ол ратификацияланбай тұрып елдің аумағында қолданыл­майды. Түсіндіріп өтейін: біздің қолданылып жүрген заңнамада ақша құралдарының ұғымы болған жоқ. Яғни, халықаралық шартты ратификациялау үшін негіз болды. Естеріңізге салайын, «Же­ке тұлғалардың Кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартқа» Кеден одағына қатысушы мемлекет­тердің басшылары 2010 жылғы 5 шілдеде Астанада қол қойды. Ол оның 10-бабына сәйкес қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданы­лады және ратификациялануға жатады. Беларусь Республикасы мен Ресей Федерация­сы үшін Шарт ұлттық заңнамамен салыстыр­ған­да, жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және ақша құралдарын өткізудің неғұрлым еркін тәртібін белгілейді, сондықтан оның нормалары осы елдердің аумағында оған қол қойылған күнінен бастап қолданылады. Атап өткенімдей, Қазақстан үшін Шарттың нормаларын қолдану ақша құралдарын – жол чектерін және ұсынушыға арналған басқа да айналымдағы ақша құжаттарын декларациялау талаптары мәселелеріндегі тәртіпті қатаңдату­ды білдіреді. Сондықтан ҚР Конституциясына сәйкес оның нормаларын Шартты елдің Парламенті ратификациялағаннан кейін ғана қол­дануға болады. Осы Шартты ратификациялау туралы № 389 Заңға республиканың Президенті 2011 жылғы 17 қаңтарда қол қойды және «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» республикалық газеттерінде жарияланды. «Нор­­мативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес ол мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде күшіне енді. Осылайша, халықаралық Шарттың жеке тұлғалардың Кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және ақша құралдарын өткізу тәртібін белгілейтін нормалары қазіргі уақытта Кеден одағының бүкіл аумағында қолданылады. – Қазіргі халықаралық Шарт бұрын қолданылған ережелерді қалай өзгертеді және Кеден одағына қатысушы елдердің аза­мат­тарына қандай басымдықтар береді? – Мынадай қарапайым сұрақ туындайды: осы Шарт не үшін керек? Жауабы да қара­пайым: азаматтар мен тауарлардың Кеден одағы шегінде кедергісіз – кедендік рәсімдерсіз өтуі, сондай-ақ азаматтардың қолма-қол ақшаны осылайша кедергісіз алып өтуін талап етеді. Құ­жат ақшаның Кеден одағы шеңберіндегі қозға­лы­сының жолындағы барлық кедергіні жояды. Яғни, енді Кеден одағының ішінде қолма-қол ақша қаражатын және ақша құралдарын әкелу және әкету шектеусіз жүзеге асырылады және кедендік декларацияны ресімдеуді талап етпейді. Яғни, егер қажеттілік болса, онда Одақ шегінде кез келген соманы өткізуге болады. Мысалы, Алматыдан Қостанайға немесе Астанадан Таразға бара жатқан кезде әкеле жатқан ақша декларацияланбайды және мәлімдел­мейді. Сонымен қатар, Кеден одағының үшінші елдермен шектесетін бүкіл сыртқы шекара­сында жеке тұлғалардың жеке мақсатта пай­даланылатын тауарларды, оның ішінде қолма-қол ақша мен ақша құралдарын өткізудің бірыңғай тәртібі қолданылады. Халықаралық Шарттың нормаларын қабыл­дау­мен қатар жеке тұлғалар кеденде деклара­цияламай-ақ үшінші елдерден әкелетін немесе үшінші елдерге әкететін қолма-қол ақша қара­жатына арналған шек ұлғайтылады. Бұрын Кеден одағы елдерінің әрқайсысынан қолма-қол шетел валютасын декларациялау үшін шек баламасы 3 мың АҚШ долларын құраған бола­тын. Сондай-ақ қолма-қол ұлттық валютаға арнал­­ған шектер белгіленді. Сонымен қатар, ұлттық заңнамада қолма-қол ақша мен ақша құрал­дарын әкелу және әкету үшін растайтын құ­жаттарды ұсыну бойынша әртүрлі шектер мен қосымша талаптар белгіленді. Халықаралық Шарттың нормаларында әке­лу және сол сияқты әкету үшін «жасыл дәлізге» арналған бірыңғай шек белгіленді: жеке тұлға кедендік декларацияны ресімдеместен Кеден одағының шекарасы арқылы ақша қара­жатын – 10 мың АҚШ долларына дейін қолма-қол ақша мен жол чектерін өткізуге құқылы. Шартта белгіленген тәртіпте сондай-ақ өткі­зілетін қолма-қол ақша мен ақша құралдары­ның сомасына және санына қойылатын шектеулер көзделмеген. 10 мың АҚШ долларынан асатын сомаға қолма-қол ақша мен ақша құралдарын өткізу кезінде, сондай-ақ басқа ақша құралдарын өткізу кезінде арнайы формуляр – Қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының декларациясы бар жолаушылардың кедендік декларациясын тол­тыру ғана талап етіледі. Яғни, егер сома 10 мың АҚШ долларынан көп болса, декларациялау міндеттілігі басталады, егер аз болса, декларациялаудың қажеті жоқ. Әрине, бұл әр адамның қалауына қарай. Сондай-ақ, бұрынғы заңнама бойынша, шектен көп соманы әкету кезінде олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет болды. Енді бұл талап алып тасталды. Яғни, қолма-қол ақша мен ақша құралдарын декларациялау кезінде қандай да болсын растау құжаттарын ұсыну талап етілмейді. Қаржы мониторингінің мақсаттары үшін қажетті мәліметтерді жеке тұлға декларация нысанын толтыру кезінде көрсетеді. Нысан Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 287 шешімімен бекітілді және осы ұйымның www.tsouz.ru ресми сайтынан көруге болады. Жолаушылардың кедендік декларациясы­ның «Қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының декларациясы» деп аталатын қосымша формулярында қаржы мони­торингінің мақсаттары үшін қажетті мәлі­меттерді көрсету көзделген. Оның ішінде шығу тегі және әкетілетін қаражатты пайдаланудың болжанған мақсаты туралы мәліметтер. …АЛЫС ЕЛДЕР ҮШІН ЫРЫҚТАНДЫРА ОТЫРЫП – Шартпен баламасы 10 мың АҚШ долларына тең декларацияланбайтын шекті сома белгіленген. Бірақ әр елдің өзінің бағамдық саясаты бар, қайткенде есептен жаңылмауға болады. Олай болмағанда тіпті 5-10 доллардың өзі бағамдық айырманың есебінен проблема тудыруы мүмкін … – Егер сіздің өткізетін сомаңыз баламаға жуық екенін және жолаушының кедендік декларациясын беру күнгі бағам бойынша белгіленген шектен асып кету тәуекелі бар екендігін білсеңіз, онда алдын ала жолаушының кедендік декларациясының толтырылған форму­лярын дайындап алып, оны қажет болған жағ­дайда кеден органына берген жөн. Бұлай етпеген жағ­дайда үшінші елдерге декларациялан­баған соманы өткізгені үшін жауапкершілік бас­талады. Жолаушының кедендік декларация­сы­ның ныса­нын Кеден одағы комиссиясының ресми сай­тынан алуға болады. Жолаушының кедендік дек­ларациясын толтыру тәртібі туралы толық ақпа­ратты кеден органдарынан алуға болады. Құжатта – Шарттың 5-бабында бағамдық мә­се­лелер былай түсіндіріледі. Жеке тұлға Кеден ода­ғының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақшаны және жол чектерін өткізген жағ­дай­да долларға қай­та есептеу қолма-қол ақша қа­ражаты мен жол чектерін шекарасы арқылы өткізген елдің заңна­ма­сын­да жолаушының кедендік деклара­циясын беру күн­гі белгіленген бағам бойынша жүзеге асы­рылады. Қазақстанда АҚШ долларына қайта есептеу бағамы «Валюталарды айырбастаудың нарық­тық бағамын анықтау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 36 бұйрығына және Қазақстан Республика­сының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 4 қаулысына сәйкес айқындалады. Теңгенің долларға қатысты на­рықтық бағамы осы валюталардың Қазақ­стан­ның қор биржа­сында алдыңғы күнгі таңертеңгі сессияда қа­лып­тасқан орташа алынған биржа­лық бағамы ретінде айқындалады. Теңгенің басқа валюталарға қа­­тысты бағамы Алматы уақытымен сағат 15.00-де­гі қалыптасқан жағдай бойынша кросс-бағамдар арқылы есептеледі. Кедендік және салық мақ­саттарымен ҚР ҰБ күн сайын Валюталардың ресми бағамда­ры­ның арнайы тізбесін қалып­тас­тырады. Оны декларация берілген жердегі кеден органында не Ұлттық Банктің ресми сайтында: www.nationalbank.kz көруге болады. Беларусь Республикасында да және Ресей Федерациясында да осындай ережелер бар. Валютаны қайта есептеуге арналған бағамды не кеден органдарында (олардың ресми сайтта­рында) не орталық банктердің ресми сайт­тарында білуге болады. – Ақша құралдарының қатарында ба­ғалы қағаздар және жол чектері де аталады. Егер жол чектерімен олардың номиналы және оларды алып өту ережесі қалай бол­ғанда да түсінікті болса, онда басқа бағалы қағаздар құны қалай анықталады, оларды басқа елдерде қолма-қол ақшаға айналдыру мүмкін­дігі қандай? – Біздің заңнамада осы мәселелер шын мәнінде реттелмеген. Енді халықаралық Шарт­қа сәйкес, айналымдағы ақша құралдарын дек­ларациялауға талаптар енгізілген. Оларға, жол чектерімен қатар вексельдер, банк чектері жат­қы­зылған, сондай-ақ құжаттандырылған ны­санда ұсынушыға арналған бағалы қағаздар IX ФАТФ арнайы ұсынымдарының талап­тарына сәйкес келеді. Бағалы қағаздардың құнын айқындау бар­лық уақытта бірдей мүмкін болмайтынын негізге ала отырып, декларация берген кезде Шартта жол чектерін қоспағанда, ұсынушыға арналған ақша құралдарын өткізуді міндетті деклара­ция­лаудың сомасына қарамастан жүзеге асырылуы көздел­ген. Номиналды көрсету қиын болған кезде жолаушының кедендік декларациясында өткізі­летін ақша құралдарының саны көрсе­тіледі. Ұсынушыға арналған ақша құралдарын бас­қа елдердің қолма-қол ақшасына айналдыру мүм­кіндігін бағалауды алатын болсақ, бұл қар­жылық барлау бөлімшесінің қызмет аясына кіреді. – Төлем карточкаларының – Шарттан тысқары екеніне көңіл аудардым. – Шартта карта жайында айтылмайды, себебі валютаны нақты өткізу жүргізілмейді. Төлем картасы – бұл банк шотына кіру құралдарының бірі ғана. Төлем картасын өткізу фактісінің өзі ақшаны әкелу немесе әкету болып табылмайды, сондықтан Шартта төлем карталарын әкелу/әкету жағдайлары қамтылмайды. Қаржы мониторингін жүргізу мақсатында төлем карталарын пайдалана отырып жасалатын транзакцияларға банк шоттарынан қолма-қол ақша алу үшін белгіленген талаптар қолданылады. – Кеден одағынан тысқары валюталарды өткізу мәселесі қандай заңнамалық нормалармен реттеледі? – Валюталарды Кеден одағының шекарасы арқылы өткізу, оның ішінде оны тысқары әкету талқыланып отырған халықаралық Шарттың нор­маларымен реттеледі. Бірнеше мемлекеттің шек­арасы арқылы транзиттік өткізу кезінде Шарт­тың нормалары Кеден одағының үшінші елдермен сыртқы шекарасын әрбір нақты өткен кезде қолданылады. Бұл ретте, жеке тұлғалар­дың қол­ма-қол ақшаны және бағалы қағаздарды Кеден одағының ішінде өткізуі шектеусіз және кедендік декларациялаусыз жүзеге асырыла­тынына назар аудару қажеттігін қайталап айтамын. БАС ТӨРЕШІ – ЗАҢ – Жеке тұлғалар Кеден одағының комис­сиясына немесе Кеден одағы сотына кеден қызметінің іс-әрекетімен келіспеген жағдай­да шағым жасай ала ма немесе бұл құқық тек тараптарға – шартқа қатысушы мемлекеттерге қолданыла ма? – Шартта кеден органдарының заңсыз іс-қи­мыл­дарына шағым жасаудың ерекше тәртібі көр­сетілмеген. Жеке тұлғалар тараптардың ұлт­тық заңнамасында көзделген тәртіпте өз құқық­тарын қорғай алады. Сондай-ақ Кеден одағы шеңберінде Кеден одағының бірыңғай Кедендік кодексі қа­былданды және кедендік рәсімдер бірегейлендірілді. Одаққа қатысушы мемлекет­тердің кеден органдарының жұмыс тәртібі бойынша ақпа­ратты тұрғылықты жері бойынша кеден орган­да­рына өтініш білдіру арқылы не Кеден одағы Ко­мис­сия­сының ресми сайтынан алуға болады. – Ұлттық Банк валюталық режимді ырық­тандыру ұстанымын қолдайды. Бұл құ­жат жүргізіліп отырған саясатқа сай келе ме, оның маңызды ережелерін түзету қажет болды ма? – Құжат біздің валюталық режимді бұдан әрі ырықтандыру саясатымызды жалғастырды. Оның айқын мысалы ретінде декларация шегінің 3-тен 10 мың долларға дейін ұлғаюын атап өтуге болады. Бұл норманы Шартқа қатысушы тараптар белсенді талқылады, бірақ барлығы да халықаралық практикада қолданы­лып жүрген нормаларды қолдану қажет деп тапты. Бұл біз ұсынған ырықтандыру өлшем­деріне толық көлемде сәйкес келеді. Біз ұсақ операциялардың мониторингінен бас тартқаны­мызды, мәмілелерді паспорттау шегін көтерге­німізді естеріңізге сала кетейін. Ірі экономи­калық маңызды операциялардың мониторингін жүргізу қажет деп санаймыз, өйткені ұсақ операциялардың барлық жалпы көлемінің өзі ел үшін үлкен тәуекел тудырмайды. Енді Шарт қабылданып, ратификацияланған соң және оның нормалары ұлттық заңнамадан жоғары болғаннан кейін (атап айтқанда «Валю­талық реттеу және валюталық бақылау тура­лы» ҚР Заңының 18-бабы), біз қазірдің өзінде заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға ар­нал­ған жоспарына тиісті өзгерістер енгізуді қостық. Яғни, біз ұлттық заңнамамызды халық­аралық Шартқа сәйкес келтіреміз. БАСТЫ ӘСЕР – ӘЛЕУМЕТТІК – Ұлттық Банк халықаралық Шарт кү­ші­н­е енгенде қандай экономикалық әсер­ді күтеді? – Бұл жерде негізгі әсер экономикалық әсер емес, көбіне әлеуметтік деп ойлаймын. Сол сияқты бұл құжат үш елдің азаматтарына «таза адамгершілік тұрғысынан» түсінікті және олар мұны толық көлемде бағалайды деп ойлаймын. Енді Кеден одағының елдері бойынша сапарда жүрген кезде ешкім қалтасында қанша ақша бар екендігі туралы есеп бермейді. Қазақстан азаматтары үшін қабылданған Шарт «Валюталық реттеу және валюталық ба­қылау туралы» ҚР Заңының 18-бабында көз­делген қолданыстағы тәртіппен салыстырғанда бірқатар басымдық береді. Егер түйіндеме жасайтын болсам: бұл біріншіден, Кеден ода­ғынан тыс шыққан кезде валютаны міндетті түрде декларациялау шегі баламасы 10 мың АҚШ долла­рына дейінгі сомаға ұлғайтылды. Екіншіден, Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында қолма-қол ақша қаражатын, жол чектері мен бағалы қағаздарды өткізу шектеусіз жүзеге асырылады. Үшіншіден, баламасы 10 мың АҚШ долларынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын әкеткен кезде оның шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің қолма-қол ақша қаражатын және айналымдағы ақша құжаттарын нақты тасымалдауға қаржы мониторингінің тиімді жүйесін қалыптасты­руы халықаралық Шартты қабылдаудың тағы бір мақсаты болып табылады. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бұл мәсе­лелерді өз елдерінің азаматтарының мүддесі үшін шешуге деген әзірлігін тағы да атап өте­мін. Осы және басқа да құжаттарды қабылдауға байланысты мәселелерді анағұрлым жедел шешу үшін жұмыс топтары келіссөздердің маңыз­ды бөлігін бейне-конференциялар режимінде жүргіз­гендігін атап өткім келеді. Бұл формат осындай немесе өзге ұстанымдарды қараудың тиімділігі мен жеделдігін арттырды. Ал, тұтас­тай алғанда, мұндай шарттар елдердің эко­но­ми­калық ықпалда­су­ын арттырып қана қоймай, сон­дай-ақ адамдар­дың арасындағы қарым-қа­ты­настарды нығайтуға ықпал ететініне деген сенімім мол. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Алевтина ДОНСКИХ. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында  қолма-қол  валюта мен ақша  құралдарын  өткізу тәртібі Қолма-қол ұлттық валюта Қолма-қол шетел валютасы Жол чектері Өзге де ақша құралдары (вексельдер және  т.б..) Құжаттанды- рылған нысан- дағы бағалы қағаздар Халықаралық Шарт ратификацияланғанға дейінгі қолданылған тәртіп* 1. ҚР-на әкелу Егер әкелу сомасы баламасы 3 мың $ болатын  сомадан асатын болса, міндетті жазбаша декларациялау Егер әкелу  сомасы баламасы 3 мың $ болатын  сомадан асатын болса, міндетті жазбаша  декларациялау Реттелмейді Реттелмейді Реттелмейді 2. ҚР-нан әкету Егер әкету сомасы баламасы 3 мың $ болатын  сомадан асатын болса, міндетті жазбаша декларациялау Егер әкету  сомасы баламасы 3 мың $ болатын  сомадан асатын болса,  міндетті жазбаша декларациялау Реттелмейді Реттелмейді Реттелмейді Баламасы 10 мың $ асатын соманы әкету үшін әкелу кедендік декларациясы не ЖТС және  мүлік бойынша салық декларациясын ұсыну талап етіледі Халықаралық Шарт ратификацияланғаннан кейін қолданылатын тәртіп* 1. ҚР-на  БР-нан және РФ-нан  әкелу және ҚР-нан БР-на және  РФ-на әкету Шектеусіз және декларациялаусыз  еркін өткізу 2. ҚР-на үшінші елдерден  әкелу және  ҚР-нан үшінші елдерге әкету** Егер  қолма-қол ақша қаражатын (қымбат металдардан жасалған монеталардан басқа)  және  жол чектерін  әкелу/әкету  сомасы баламасы 10 мың $  болатын сомадан асатын  болса, міндетті жазбаша декларациялау Құжаттандырылған нысандағы ұсынушыға арналған  вексельдерді, банк чектерін және бағалы қағаздарды әкелуді/әкетуді міндетті жазбаша декларациялау Ескерту: * Жеке тұлғалардың  Кеден одағының кеден шекарасы  арқылы  қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша  құралдарын өткізу  тәртібі туралы  шарт ** ҚР-нан  транзитпен БР және РФ арқылы  үшінші елдердің  аумағына әкеткен жағдайда  және  БР-на және РФ-на  транзитпен ҚР арқылы  үшінші елдердің  аумағынан  әкелген жағдайда  декларациялау  КО-ның кеден шекарасы нақты  қиылысатын  елде  жүзеге асырылады