27 Тамыз, 2016

Данияр

412 рет
көрсетілді

Қазақтың арысы – Данияр, Қазақтың барысы – Данияр. Көк туды көтерген көгіне, Қазақтың намысы – Данияр.   Бір Алла жар болып жебеген, Бар қазақ қолтықтан демеген. Сүйінші хабарын жеткізген, Қуаныш түн едің не деген!   Қазақтың ұланы – Данияр, Қазақтың ұраны – Данияр. Алты алаш аузында бір-ақ сөз, Данияр! Данияр! Данияр! Закария СИСЕНҒАЛИ Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы