Мәскеудің солтүстік-шығысындағы баспахана қоймасында орын алған ірі өрттің салдарынан 17 адам қаза тапты. Бұл туралы Euronews хабарлады.
Өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде ондағы сыртқа жолы жабылып қалған баспаналардың бірінен 16 адамның денелерін тапты.
Төрт адам бірден ауруханаға жөнелтілді. Дәрігерлер олардың арасындағы бір әйелдің өмірін сақтап қала алмады. Тағы бір зардап шегуші өте ауыр халде жатыр.
Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша, өртке баспахана ғимаратында орын алған электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. От төрт қабатты үйді бірден қамтыған.
Қаза тапқан жұмысшылардың бәрі Қырғызстан азаматтары болып шықты. Қала билігі олардың жанып кеткен кәсіпорында заңды түрде жұмыс жасағандарын айтады.
Сонымен бірге, қайғылы оқиға орнына келген Мәскеудегі қырғыз диаспорасының өкілдері қаза тапқандардың бірінің жасы әлі 16-да екенін жеткізді.
Мұрат АЙТҚОЖА