• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2016

«Шешен дауылы» 122 үйді қиратып, жүздеген ағашты сұлатты

346 рет
көрсетілді

Ресейдің Шешенстан республикасының астанасы – Грозный қаласында болған сұрапыл дауыл 122 үйге залалын тигізіп, жүздеген ағашты құлатып кетті. Бұршақ араласқан нөсер жауымен бірге көтерілген дауыл республикада сенбі күннің кешінде соқты. Осыған байланысты Грозный қаласында жүздеген ағаш, жарнама қалқандары жерге құлап, электр қуатын беретін сымдар үзілді. Соның салдарынан республика орталығының кей жерлерінде электр жарығы тоқтап қалды, бірқатар жолдар мен көшелерді топан су басты. Тоғыз әлеуметтік және бес инфрақұрылымдық нысан бүліншілікке ұшырады. Дауылдың кезінде 21 жастағы қыз қаза тапты. Ол ағаштар құлап жатқанда машинаның ішінде отырған екен. Солардың бірі көлікті басып қалған. Бұдан бөлек, құрылыс құрылғылары үстіне құлауынан бір адам жарақат алған. Республикада жексенбі күні тағы да бұршақ аралас нөсер жауын құйып, іркілмелі жел тұрды. Бүгін Надтеречный ауданы мен Грозный қаласында төтенше жағдай, ал Урус-Мартан ауданында жоғары дайындық режімі жарияланды. Мұрат АЙТҚОЖА